Accessibility links

Бакиев қатысқан деректі фильм көрсетіледі


Құрманбек Бакиев, Қырғызстанның бұрынғы президенті.
Құрманбек Бакиев, Қырғызстанның бұрынғы президенті.

Қазақстанның "Хабар" ұлттық телевизия агенттігі Қырғызстан туралы деректі фильм түсірді. Фильмде сұхбат берушілер арасында 2010 жылы сәуірде Минск қаласына қашқан Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев бар.

Фильм анонсы интернетте 27 қарашада көрсетілді. Онда 2010 жылғы оқиға туралы сөз болған. Бұрынғы президент сол оқиғаны еске алған. Фильмде Бішкекте Ақ үй маңында атылған оқ пен жараланған азаматтарды көрсеткен. Анонстағы қысқаша үзіндіде Құрманбек Бакиев: "Менің ойымша... Уақыты келгенде мен отаныма оралатыныма сенемін, сенемін. Ораламын" дейді.

2010 жылы 7 сәуірдегі халық толқуларынан соң Құрманбек Бакиев Қазақстан арқылы отбасымен елден қашқан. Сәуір оқиғасына байланысты ол сырттай өмірлік түрме жазасына кесілген. Қазір ол Беларусьте тұрып жатыр.

Соңғы бір жарым айда Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас суып, екі ел арасындағы шекарадан өту қиындап кетті.

Деректі фильм 29 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 21:30-да көрсетіледі деп жоспарланған.

"Хабар" Агенттігі" акционерлік қоғамының жалғыз акционері - Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі.

XS
SM
MD
LG