Accessibility links

Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымыран ұшырды


Оңтүстік Корея телеарнасының Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғаны туралы хабары. Теледидар экранында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын. Сеул, 29 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның кезекті рет құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағанына бірден жауап қатты. "Біз бұл жағдаймен айналысамыз" деді Трамп, бірақ ол нақты қандай шара жасалатынын айтпады.

Оңтүстік Кореяның әскери дереккөздері Солтүстік Кореяның кезекті рет зымыран сынағанын хабарлады. Оңтүстік Корея әскери басшылығы бұған жауап ретінде Солтүстік Корея территориясына соққы жасаған сияқты мәнерде зымыран атқан сәтте Солтүстік Корея зымыраны әлі ұшып бара жатқан.

АҚШ қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея территориясынан зымыран ұшырылғанын тіркегенін мәлімдеді. Зымыран шамамен 1 мың километр ұшып барып, Жапон теңізіне құлаған. Басқа дереккөздері зымыранның теңізге құлағанға дейін 50 минуттай уақыт ұшқанын айтады. CNN-нің хабарлауынша, 2017 жылы Солтүстік Корея ұшырған осымен бесінші зымыран Жапонияның экономикалық аймағына құлап отыр.

АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерилері таң ата ұшырылған зымыран туралы алынған ақпараттардың талдап жатыр.

Гуам аралдарынан жеткен мәлімет бойынша, Солтүстік Корея атқан зымыран Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі АҚШ территорияларына "тікелей қауіп төндірмеген".

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG