Accessibility links

АҚШ: Карим Баратов Yahoo аккаунттарын бұзғанын мойындады


Канадалық БАҚ-тағы Қазақстаннан шыққан Карим Баратовтың ұсталғаны туралы ақпарат скриншотынан үзінді.
Канадалық БАҚ-тағы Қазақстаннан шыққан Карим Баратовтың ұсталғаны туралы ақпарат скриншотынан үзінді.

Қазақстанда туған Канада азаматы Карим Баратов АҚШ билігінің өзіне "Ресей тыңшыларымен бірігіп, Yahoo желісіндегі жарты миллиард есептік жазбаларды бұзып кірді" деп таққан айыбы бойынша кінәлі екенін мойындады деп хабарлады Reuters агенттігі.

АҚШ әділет министрлігінің ақпараты бойынша, 22 жастағы Карим Баратов Калифорния штаты Солтүстік округінің соты таққан Yahoo желісінің аккуанттарына хакерлік шабуыл жасап, олардың құпия кодтарын Ресей тыңшыларына сатты деген айып бойынша кінәсін мойындаған.

АҚШ прокурорлары Баратов пен тағы үш адамды 2014 жылы Yahoo аккаунттарын жаппай бұзған деп айыптайды. Баратов Канадада наурыз айында Вашингтон өтініші бойынша тұтқындалып, тамызда өзінің келісімімен АҚШ-қа экстрадицияланған.

Қазақстан үкіметі ертеректе Баратовтың Қазақстан азаматтығынан 2011 жылы шығып кеткенін, Канада азаматтығын алғанын хабарлаған еді. Адвокатының сөзінше, Баратовпен байланысты іс бойынша айыпталған тағы бір адам былтыр Ресейде ұсталған. Екі күдікті Ресейде жүр деген болжам айтылады.

XS
SM
MD
LG