Ресей Мемлекеттік думасына шетелдік БАҚ - "шетел агенті" заңын бұзған жағдайда 5 миллион рубльге дейін айыппұл салатын заң жобасы түсті. Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі хабарлады.
Заң жобасына сәйкес, "шетел агенті" - БАҚ туралы заңды бірінші рет бұзған жеке тұлғаға 10 мың рубль, заңды тұлғаға 500 мың рубль айыппұл салу қарастырылған. Егер заңды екінші рет бұзса, жеке тұлғаға 50 мың рубль, заңды тұлғаға 1 миллион рубльге дейін айыппұл салынады.
Заң жобасын әзірлеушілердің сөзіне қарағанда, құжат 2018 жылдың 1 қаңтарында қолданыла бастауы тиіс.
Өткен аптада Ресейде шетелден қаржыландырылатын БАҚ-ты "шетел агенті" деп тану жөніндегі заң қабылданған.
ОҚЫҢЫЗ: Шетелдік БАҚ-тан "агент" көретін заң күшіне енді
Еуропа Одағы, АҚШ және халықаралық құқық қорғау ұйымдары, сонымен бірге Ресей президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау кеңесі "шетел агенті" туралы заңды сынға алды.