Accessibility links

Гаагада "үкімін естіп, у ішкен" генерал өлді


Босния мен Хорватияның бұрынғы қорғаныс министрі Бруно Стойч пен хорват генералы Слободан Пральяк (оң жақта) үкім күтіп тұр.
Босния мен Хорватияның бұрынғы қорғаныс министрі Бруно Стойч пен хорват генералы Слободан Пральяк (оң жақта) үкім күтіп тұр.

Гаага соты отырысында үкімін естіп, "у ішкен" хорват генералы Слободан Пральяк өліп қалды. Бұл туралы Хорватия орталық телевизиясына сілтеме жасап Associated Press ақпарат агенттігі хабарлайды. БҰҰ бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

29 қарашада Гаага трибуналының апелляциялық палатасы 72 жастағы босниялық хорват Слободан Пральякқа 2013 жылы шығарылған «20 жыл түрме жазасын» қайта қарап, үкімді өзгертусіз қалдырған. Сот отырысы кезінде үкіммен келіспейтінін дауыстаған Праляк "у іштім" деп кішкене құтыны аузына төңкере салған. Осыдан кейін дәрігер шақырылып, сот отырысы кейінге шегерілген.

Слободан Пральяк - 1990 жылдары Югославияда болған ұлтаралық қақтығыстарда «адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны», «Женева конвенциясы мен соғыс салтын» бұзғаны үшін түрмеге қамалған алты хорват әскеридің бірі. Сот олардың мақсаты кісі өлтіру, қудалау, азаптау, зорлау, мүлік тартып алу жолымен хорваттан өзге жұртты һәм мұсылмандарды Босниядан қуып шығу деп таныған. Пральяк ірі қақтығыстардың бірі болған Мостар қаласындағы әрекеттері үшін сотталған.

XS
SM
MD
LG