Accessibility links

БҰҰ Комитеті Челахтың шағымы бойынша шешім шығарды


Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 11 желтоқсан 2012 жыл.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитеті 2012 жылы жаппай адам өлтірген деген айыппен өмірлік түрме жазасына кесілген Владислав Челахтың пайдасына шешім шығарған. Бұл туралы Азаттыққа "Арқанкерген" шекара бекетіндегі жаппай адам өлтіру ісі бойынша сотта Челахты қорғаған адвокат Серік Сәрсенов хабарлады.

– Комитет [Челахтың] өтінішін 7 қарашада қарап, қанағаттандырды. Және Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабын бұзып, Челахты үстінен қозғалған істі әділ және бейтарап сотта қарау құқығынан айырған деген ұйғарым шығарды, - деді адвокат Сәрсенов. Ол әзірше БҰҰ Комитетінің (13 беттік) ағылшын тіліндегі шешімі қолына тигенін, бірақ БҰҰ Комитеті көп ұзамай осы шешімнің орыс тіліндегі мәтінін беруге уәде еткенін айтты.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Комитетінің шешімі адвокат Сәрсеновке Челахтың шағымын БҰҰ Комитетіне беруге дайындауға жәрдемдескен Қазақстанның адам құқығы жөніндегі бюросының қызметкері Светлана Хижниченкоға жолданған.

БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комитеті Владислав Челахтың шағымын 2015 жылғы 2 ақпанда қабылдаған. Сәрсеновтың сөзінше, 90-ға жуық беттен тұратын шағымда заң талаптарының бұзылғаны егжей-тегжейлі жазылған. 25 тамызда БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комитеті Қазақстанға жауабын ұсынуға алты ай уақыт берген. "Осы хатпен олар [БҰҰ Комитеті Челах берген] шағым бойынша коммуникация басталғаны туралы хабарлаған", - дейді Қазақстанның адам құқығы жөніндегі бюросының заңгері Светлана Хижниченко.

2012 жылғы 30 мамырда Алматы облысында Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Арқанкерген" шекара бекетінің өртенген орнынан 14 шекарашы мен бір қорықшы өлі табылған. Тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челахтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, 2012 жылғы желтоқсанда сот оған "шекарашыларды өлтірді" деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Челахқа тағылған қылмыстық кодекстің "Екі және одан көп адамды өлтіру", "Жеке заттарды ұрлау", "Құпия құжаттарды ұрлау", "Қару ұрлау" және "Заңсыз қару ұстап жүру" тәрізді барлығы тоғыз бап бойынша айыптар тағылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Арқанкерген: "жауапсыз қалған" сұрақтар

Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің факультативті хаттамаларына 2009 жылы қосылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG