Accessibility links

Жээнбеков: Назарбаевпен кездесіп, келіссөз өткіземін


Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті. Мәскеу, 29 қараша 2017 жыл.
Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті. Мәскеу, 29 қараша 2017 жыл.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, келіссөз өткізуді жоспарлап отыр. Азаттықтың Қырғыз редакцясының хабарлауынша, Жээнбеков бұл туралы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу қорытындысы бойынша журналистерге айтты.

"Ертең Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) мемлекеттерінің басшылары жиналады. Онда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы да болады. Отырыс болады. Отырыс кезінде барлығымен кездесемін. Мен Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесіп, келіссөз жүргіземін және бұл мәселе жөнінде де сөйлесеміз деп үміттенемін" деді Қырғызстан президенті.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі, я Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі екі президенттің кездесетіні жайлы әзірге қандай да бір ақпарат таратпады.

Қазақстан 10 қазаннан бастап Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, тексеру және өткізу бекеттерінде көлік және адам кезегі көбейген. Астана тексерудің күшейтілгенін контрабандамен күрес шарасы деп атайды. Бірақ ресми Бішкек Қазақстан жағы шекарада қолдан кедергі жасап отыр деп біледі.

29 қарашада Сооронбай Жээнбеков президент ретіндегі алғашқы сапарында Ресейге барды. Ол Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен және премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті. Жээнбеков 30 қарашада Минскіге барып, ҰҚШҰ-ның кезекті сессиясына қатысады.

XS
SM
MD
LG