Accessibility links

Назарбаев: Беларусьпен тауар айналымы ұлғайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуі. Минск, 29 қараша 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуі. Минск, 29 қараша 2017 жыл.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 29 қарашада Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізіп, бірнеше құжатқа қол қойды" деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде президенттер екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды одан ары дамыту мәселелерін талқылады. Назарбаев кездесу қорытындысында журналистерге Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымының көлемі биылғы жылдың тоғыз айында 60 пайызға өсіп, 441 миллион долларды құрағанын айтып, бұл бағыттағы байланыстың даму қарқынына көңілі толатынын білдірді.

Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанда 260 беларусь кәсіпорны, 6 бірлескен ірі көлік құрастыру зауыты жұмыс істейді.

Кездесу қорытындысында 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Бұдан өзге, сапар аясында екі ел үкіметтері арасында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы, қорғаныс саласы өнеркәсібі ұйымдарының өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімдерге қол қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Минскіде Ұжымдық қауіпсізідк шарты ұйымы мемлекет басшыларының жиынына қатысады.

XS
SM
MD
LG