Accessibility links

Маңғыстау облысы: Апелляция соты мұнайшы арызын қанағаттандырмады


Маңғыстау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысының апелляциялық соты желтоқсанның 5-іне қалдырған Oil Construction Company (OCC) мұнайшысы Құспан Қосшағұловтың жұмысқа кері қабылдауды талап еткен апелляциялық шағымын 30 қараша күні кезектен тыс қарап жіберді.

Құспан Қосшағұловтың Азаттыққа айтуынша, істі қараған Маңғыстау облысы апелляциялық сотының төрағасы Нұрсапа Примашев сотқа қатысуға келген мұнайшыға тек сот шешімін оқып берген.

- Алдыңғы сот шешімін өзгертпеді. ОСС компаниясы директоры Серік Әбденов мені заңсыз жұмыстан шығарып отыр деп санаймын. Егер мен аштық жариялап, жұмыс қауіпсіздігін сақтамады деп санаса неге мені бірден жұмыстан шеттетпеді? Мен 14-24 ақпан аралығында жұмыс істеп жүрдім. Ол тек мұнайшы құқын қорғап сөйлейтіндерді ғана жұмыстан аластатты, - дейді Қосшығұлов.

Құспан Қосшашағұлов республикалық тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын таратпауды талап етіп, аштық жариялағаны үшін жұмытан шығарылған Oil Construction Company (OCC) компаниясының сегіз жұмысшысының бірі.

Ол 2017 жылдың 17 шілдесінде Ақтау қалалық №2 сотына арыз түсіріп, жұмыс берушінің өзімен жасасқан еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп тануды, өзін бұрынғы жұмысына қайтадан алуды және бос жүрген күндеріне ақы төлеуді талап еткен. Алғашқы сот инстанциясы Қосшығұловтың ол арызын қанағаттандырмаған еді.

Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын қайта тіркеуді талап еткен ОСС мұнайшыларының аштық акциясы қаңтардың 5-і күні Ақтау қаласындағы кәсіподақ ұйымы кеңсесінде басталған. Жұмыс беруші Ақтау қаласындағы ОСС кәсіподағы кеңсесінде 292 адам, Қаламқас кенішінде 270 адам, Жетібай кенішінде 100-ге тарта адамның аштық жариялағанын мәлімдеген. Жұмыс берушінің арызын қолдаған Ақтау қалалық №2 соты қаңтардың 19-ында бұл акцияны заңсыз деп танып, оны тоқтатуға шешім шығарған.

63 мұнайшы азаматтық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот оларды 20-50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл және Қаламқас, Жетібай кеніштерінде тамақ ішпегендіктен компанияға келген "материалдық зардап" үшін 4 миллион теңге төлеуге міндеттеген.

XS
SM
MD
LG