Accessibility links

Назарбаев пен Жээнбеков Минскіде шекара мәселесін талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. Минск, 30 қараша 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. Минск, 30 қараша 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) мемлекеті басшыларының саммиті аясында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Кездесуде президенттер екі жақты қарым-қатынастарды, оның ішінде қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеу мәкелесін талқылады. Кездесуден соң президенттер БАҚ өкілдері алдында сөйледі.

Назарбаев Жээнбековті президент болып сайлануымен құттықтады. Ол екі ел халықтары арасындағы "тату көршілік қарым-қатынастарды" қалпына келтіру қажетін айтты.

"Екі ел шекарасындағы жағдайдың себептерін барлығымыз білеміз. Сондықтан біз екі ел үкіметтері жасаған жол картасы бар, екі елдің жұмысшы топтары бұл жол картасын талқылап, қол қояды деген шешім жасадық" деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев пен Жээнбеков "бәрін жаңадан бастамақ"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:54 0:00

Қазақстан президенті екі тарап шекараның Қазақстан жағынан да, Қырғызстан жағынан да қадағалау орнататын болып шешім қабылдағанын айтты. Сонымен қатар Еуразия экономикалық одағынан (ЕАЭО) үш адам жүктерді қарап, өткізіп тұрмақ. Қытаймен шекарада да осындай тексеру және өткізу жүйесі орнатылады.

Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды.

"Екі ел үкіметтері желтоқсанда өзара іс-қимыл мәселелерін реттеу бойынша жол картасын жасауы тиіс. Сол кезде көп проблема шешіледі. Шекара жол картасына қол қойылғанға дейін ашылады. Екі жақты ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселе мен тапсырма келісілген мерзімде шешіледі" деді Сооронбай Жээнбеков.

Қазақстан 10 қазаннан бастап Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, тексеру және өткізу бекеттерінде көлік және адам кезегі көбейген. Астана тексерудің күшейтілгенін контрабандамен күрес шарасы деп атайды. Бірақ ресми Бішкек осы кезге дейін Қазақстан жағы шекарада "қолдан кедергі жасап отырғанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG