Accessibility links

Иранда 6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді


Қуатты жер сілкінісі болған тұс көрсетілген Иран картасы. 1 желтоқсан 2017 жыл.

Бүгін таңертең Астана уақытымен сағат 8:32 кезінде Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман провинциясында 5-6 магнитудалы бірнеше жерасты дүмпуі тіркелгені туралы Еуропаның Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 600 мыңға жуық тұрғыны бар Керман қаласынан 60 шақырым қашықта, жер қабатының 2-10 километр тереңдігінде болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Сейсмолог мамандар 6 магнитудалы жер сілкінісі қуатты деп саналатыны, ондай сілкініс ғимараттарды бүлдіріп кетуі мүмкін екенін айтады деп хабарлайды Reuters.

Қарашаның ортасында Иранның батысындағы Керманшах аймағы мен Ирактың солтүстік-батысындағы бөлігінде 7,3 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болған еді. Зілзала салдарынан 500-ден астам адам қазаға ұшырап, бірнеше мың адам жараланған.

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG