Accessibility links

HRW: Ресейдің "ұнамсыз ұйымдар" жайлы заңы азаматтық құқықтарды бұзады


Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының атауы жазылған тақтайшаны ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет.)
Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының атауы жазылған тақтайшаны ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет.)

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының бейсенбіде таратқан мәлімдемесінде Ресейде тіпті билік "ұнамсыз ұйымдар" деп таныған ұйымдардың сайттарына сілтеме орналастырудың өзі әкімшілік іс қозғауға себеп болатыны айтылған. Және де ондай материалдар әлгі ұйымдарды "ұнамсыз" деп атағанға дейін жарияланғанына қарамай іс қозғайды.

Мәлімдеме авторлары сонымен бірге Ұлыбританияда тіркелген, Ресей билігі "ұнамсыздар" тізіміне енгізген "Ашық Ресей" ұйымымен аттас қозғалыстың белсенділері Ресейде қуғынға ұшырап жатқанын назарға алған.

Бұған дейін қарашаның 30-ы күні Ресейде "Ашық Ресей" қозғалының Чувашиядағы бөлімшесінің үйлестірушісі Дмитрий Семенов пен белсенді Юрий Сидоровқа қарсы әкімшілік іс қозғалғаны мәлім болған. Олар қозғалыстың Ресей заңдары аясында іс-әрекет ететіні туралы мәлімдеген.

Human Rights Watch ұйымы Ресейдің "ұнамсыз ұйымдар" туралы заңы осы ел қосылған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті мен Еуропаның адам құқығы жөніндегі конвенциясында бекітілген азаматтардың пікір білдіру бостандығы мен қауымдастыққа бірігу құқығын бұзып отыр деп мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG