Accessibility links

Аргентина сүңгуір қайық экипажын "қаза болды" деп жариялады


Аргентинаның жоғалып кеткен "Сан-Хуан" сүңгуір қайығы.
Аргентинаның жоғалып кеткен "Сан-Хуан" сүңгуір қайығы.

Аргентинаның әскери-теңіз флоты теңізде хабарсыз кеткен "Сан-Хуан" сүңгуір қайығының экипажы қаза болған деп жариялап, жоғалған теңізшілерді іздеу-құтқару операциясын тоқтатты. Қайықта болған 44 адамның барлығы қаза болған деп танылды. Аргентина қорғаныс министрлігінің өкілі Энрике Бальбидің сөзінше, әскерилер жоғалған сүңгуір қайықты іздестіруді бәрібір жалғастыратын болады.

"Сан-Хуан" сүңгуір қайығымен байланыс қарашаның 15-і күні үзілген. Оны іздеу операциясына төрт мыңға жуық адам, 28 кеме және 9 ұшақ қатысқан. Аргентинаның сүңгуір қайығын іздеуге 18 ел атсалысқан.

Сүңгуір қайықпен байланыс үзілген күні ол жоғалған ауданда "гидроакустикалық аномалия" тіркелгені туралы хабарланған. Аргентина әскери-теңіз флоты ол маңда ядролық емес жарылыс болған болуы ықтимал деген жорамал айтады. Сүңгуір қайықтың жоғалуына не себеп болғаны әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG