Accessibility links

Жапонияда химия зауытында жарылыс болған


Жапония картасы.
Жапония картасы.

Желтоқсанның 1-і күні Жапонияның Сидзуока префектурасындағы Фудзи қаласында химия зауытында жарылыс болғаны туралы Киодо агенттігі хабарлады. Жарылыстан кейін өрт шыққан. Төтенше оқиға салдарынан кемінде 10 адам зардап шеккен.

Жапон ақпарат құралдарының жазуынша, жарылыс химиялық өнімдер шығаратын Arakawa Chemical Industries компаниясының кәсіпорнында болған. Куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялаған суреттер мен видеоларда апат болған тұстан әуеге қою түтін көтеріліп жатқаны көрінеді.

Фуджи қаласының билік орындары төтенше оқиға болған маңдағы үйлерден тұрғындарды эвакуациялау туралы жариялаған.

Жарылысқа не себеп болғаны әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG