Accessibility links

Жапон императорының тақтан бас тартатын күні аталды


Жапония императоры Акихито.
Жапония императоры Акихито.

Жапония императоры Акихито 2019 жылғы сәуірдің 30-ы күні тақтан бас тартып, мұрагеріне өткізеді. Бұл туралы бүгін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ хабарлады.

Жапония тарихында соңғы 200 жылда алғаш рет император өз еркімен тақтан бас тартпақ. Акихито кеткен соң таққа оның үлкен ұлы, қазір 57 жастағы ханзада Нарухито отырмақшы.

83 жастағы Акихито 1989 жылы Жапония императоры болып жарияланған. Ол өз еркімен тақтан бас тарту туралы шешімді 2016 жылы жазда қабылдаған. Мұның себебін жасының ұлғайғандығы және денсаулығына күтім қажеттігімен түсіндірген. Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша жапон императоры қайтыс болғанға дейін тақта отырады. Бірақ Жапония парламенті Акихитоға тақты мұрагеріне жалпы дәстүрді өзгертпей өз еркімен тапсыруына мүмкіндік беретін арнайы заң қабылдаған.

XS
SM
MD
LG