Accessibility links

Ресейде Навальный штабының басшысын 30 күнге қамады


Ресейлік оппозициялық белсенді Леонид Волков.
Ресейлік оппозициялық белсенді Леонид Волков.

Ресейдің Нижний Новгород қаласының соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың сайлауалды штабының жетекшісі Леонид Волковты 30 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған. Бұл туралы жұма күні Волковтың өзі Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған.

Сот Леонид Волковты билік келісім бермеген шараны ұйымдастырғаны үшін айыпты деп таныған. Оппозициялық белсенді осы кезге дейін төрт тәулігін қамауда өтегенін айтады.

Бұған дейін билік Леонид Волковқа қыркүйектің 29-ы күні Нижний Новгородта шеруді ұйымдастыру тәртібін бұзған деген айып таққан. Волковты сол күні таңертең полиция ұстап әкеткендіктен ол аталған акцияға қатыспаған еді.

Қазанның 2-і күні сот «рұқсат етілмеген шеру өткізуге шақырды» деген айыппен Волковты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алған. Үш күннен кейін оппозиционерді қамаудан босатып, оған қарсы қозғалған әкімшілік ісін қайта қарауға сотқа жолдаған болатын.

XS
SM
MD
LG