Accessibility links

Ялтада ұсталған белсенді азапталғаны туралы мәлімдеді


Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің көлігі. (Көрнекі сурет.)
Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің көлігі. (Көрнекі сурет.)

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі Ялта қаласының тұрғыны, "жарлығыш зат әзірлеген" деген айыппен тұтқындалған Юнус Машарипов өзін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) өкілдері азаптағаны туралы мәлімдеді.

Машариповтың сөзінше, қыркүйектің 27-і күні белгісіз біреулер оған тарпа бас салып сабап, кейін Ялтадағы ФСБ басқармасына алып барған.

Онда Машариповты тергеуге алып, неліктен Украинаға жиі баратыны жайлы сұраған. Машарипов 2014 жылдан бері "балалар, мүгедектер мен зейнеткерлердің құқықтары бұзылғаны туралы ұйымдарға хабарлап", құқыққорғау қызметімен айналысқанын айтқан. Бұдан соң "олар мені ұрып-соғып, электр тоғымен қинады" дейді Машарипов. Құқыққорғаушының сөзінше, азапқа шыдамаған ол "Украина қауіпсіздік қызметінің агенті ретінде соның тапсырмасын орындағаны" туралы өз-өзіне қарсы жалған куәлік беруге мәжбүр болған. Тергеушілер оған "қылмысын мойындайтыны" туралы сөзін бірнеше рет қайталатқызып, видеокамераға түсіріп алған.

XS
SM
MD
LG