Accessibility links

БАҚ": Флинн Кислякпен кездесуге дейін Кушнермен сөйлескен


АҚШ президентінің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн (сол жақта) мен Ақ үйдің кеңесшісі әрі президент Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер. Вашингтон, 13 ақпан 2017 жыл.
АҚШ президентінің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн (сол жақта) мен Ақ үйдің кеңесшісі әрі президент Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер. Вашингтон, 13 ақпан 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн Ресей елшісімен кездесер алдында онымен Джаред Кушнер сөйлескен деген ақпаратты Вашингтондағы "хабардар дерек көздері" таратты деп хабарлады CNN телеарнасы.

Майкл Флинн өзіне тағылған "жалған мәлімет берген" деген айыпты мойындаған. Ол АҚШ қарулы күштерінің үлкен тәжірибесі бар офицері ретінде өзіне тағылған ұлттық мүддеге опасыздық жасаған деген айыптан арылуға тырысатыны туралы мәлімдеп, тергеу тобына барынша көмектесуге бейіл екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Трамптың бұрынғы кеңесшісіне айып тағылды

Майкл Флинн Ресей елшісі Сергей Кислякпен байланыстары туралы Дональд Трамптың командасын бірнеше рет хабардар еткені туралы мәлімдеген.

АҚШ баспасөзі сонда Флинн нақты кімді хабардар еткен деген сауалға жауап іздеген болатын. Енді міне президент Дональд Трамптың қызы Иванканың күйеуі Джаред Кушнер туралы ақпарат пайда болды. Америкалық басылымдардың жазуынша, АҚШ-тың арнайы өкілі Роберт Мюллер басқаратын тергеудегі негізгі мәселесі – Ресей тарабымен байланыстарға Трамптың қатысы жайлы дәлел бар-жоғын анықтау болатын. Егер Флиннің іс-әрекетіне Кушнердің "жетекшілік" еткені расталса, онда бұл Трамптың өзіне қатысты күдікті күшейтеді деп жазады ақпарат құралдары.

XS
SM
MD
LG