Accessibility links

Трамп Тиллерсонның отставкаға кетпейтінін айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон.

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонның "отставкаға кететіні" туралы хабарларды жоққы шығарды. "БАҚ-тың мені Тиллерсонды қызметтен босатыпты немесе ол өзі көп ұзамай отставкаға кетпекші деп бұрмалап хабарлауы – фейк [жалған] жаңалық! Ол кетпейді, кейбір мәселелер бойынша түрлі көзқараста болсақ та, біз бірге жақсы жұмыс істеп жатырмыз" деп жазды Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында.

Қарашаның 30-ы күні The New York Times басылымы президент Рекс Тиллерсон мемлекеттік хатшы қызметінен кетіп, оның орнына орталық барлау басқармасының (ЦРУ) басшысы Майк Помпеон тағайындалуы мүмкін деп хабарлаған. Тиллерсон өзінің отставкаға кететіні туралы хабарды "күлкілі" деп атаған.

Қазан айының басында NBC телеарнасы Тиллерсон Трамппен тіл табыса алмағандықтан қызметінен кетуді жоспарлаған деген ақпарат таратқан. Телеарна дерек көздеріне сілтеме жасап, Тиллерсон жазда отставкаға кетпекші болған, бірақ вице-президент Майк Пенс оны қызметінде қалуға көндірген деп хабарлаған. Кейін Тиллерсон бұл хабарды жоққа шығарып, бұрынғысынша "президентті қолдаушы" болып қалатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG