Америкалық SpaceX компаниясы 2018 жылғы қаңтарда Falcon Heavy ауыр зымыран-тасығышын ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.
Масктың жазуынша, Канаверал мүйісінен ұшырылатын зымыран-тасығыш оның Tesla Roadster спорттық автокөлігін Марстың орбитасына жеткізбек, ал көлікте Дэвид Боуидің "Space Oddity" әні ойнап тұратын болады.
Falcon Heavy – үш Falcon 9 зымыраны біріктірілген зымыран-тасығыш. Наурызда Falcon 9 зымыранының алғашқы сатысын ғарышқа ұшыру сәтті өткені туралы хабарланған. Falcon Heavy ауыр зымыранының орталық блогын SpaceX компаниясы мамыр айында сынақтан өткізген болатын.