Accessibility links

БАҚ: Ұлыбританияда Kaspersky өнімін пайдалануға тыйым салды


"Касперский лабораториясының" Мәскеудегі кеңсесінде отырған қызметкері. 2 қазан 2017 жыл.
"Касперский лабораториясының" Мәскеудегі кеңсесінде отырған қызметкері. 2 қазан 2017 жыл.

Ұлыбританияның мемлекеттік мекемелеріне ресейлік "Касперский лабораториясы" шығарған антивирустық бағдарламаларды пайдалануға тыйым салған. Бұл туралы ескертуді ұлттық киберқауіпсіздік орталығының басшысы Киаран Мартин таратты деп хабарлайды Financial Times.

Басылымның дерегі бойынша, Мартин ресейлік Kaspersky өнімдері қатер төндіретіні туралы ескертіп, барлық үкіметтік департаменттердің жоғары лауазымды өкілдеріне хат жолдаған.

Қарашада Ұлыбританияның ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне жауапты барлау қызметі ресейлік "Касперский лабораториясы" компаниясының антивирустық бағдарламаларын Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) тыңшылық жасауға пайдаланауы ықтимал деп алаңдаушылық білдірген.

"Касперский лабораториясы" ресейлік арнайы қызметпен байланысы жоғын мәлімдеген.

Қыркүйектің 13-і күні АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі елдің үкіметтік мекемелерінің барлығына ресейлік "Касперский лабораториясы" компаниясының өнімдерін қолдануға тыйым салған. Ақ үй аталған компания Ресей барлау қызметімен байланыста болуы ықтимал болғандықтан америкалық құрылымдардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санайды.

Оның алдында Bloomberg "Касперский лабораториясы" ресейлік ФСБ үшін арнайы технология дайындаған және оған хакерлердің деректерін берген деп хабарлаған болатын. Bloomberg компанияның негізін қалаушы әрі жетекшісі Евгений Касперскийдің компания басшылығына 2009 жылы жолдаған хатына сілтеме жасаған.

XS
SM
MD
LG