Accessibility links

Прагада көпір құлап, төрт адам зардап шеккен


Прага қаласының көрінісі.
Прага қаласының көрінісі.

Чехия астанасы Прага қаласында жаяуларға арналған көпір құлап, төрт адам зардап шеккен. Олардың екеуі ауыр жаланған. Влтава өзенінің үстінен салынған ұзындығы 250 метрлік көпір желтоқсанның 2-і күні түгелдей опырылып құлап түскен.

"60 жастағы тұрғын жасанды комаға енгізілді, 63 жастағы әйел адам көптеген жарақат алған", - деп хабарлады зардап шеккендер түскен аурухананың өкілі Яна Постова. Оның айтуынша, төтенше оқиғадан зардап шеккен 34 және 43 жастағы тағы екі адам осы ауруханада жатыр. Төртеуі де сенбі күні шамамен түскі сағат бірдің кезінде көпір үстінде кетіп бара жатқан кезде оқыс оқиғаға тап болған.

1984 жылы салынған бұл көпірді жаяулар мен велосипедшілер пайдаланып келген. Чехиялық басылымдардың хабарлауынша, билік орындары көпірдің тот басқан болат арқандары қатты тозғандықтан, оларды ауыстыру қажеттігі туралы бірнеше мәрте шағым айтқан.

XS
SM
MD
LG