Accessibility links

Қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық белгілі журналист Геннадий Бендицкий желтоқсанның 3-і күні қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты онымен бірге ratel.kz интернет-басылымында жұмыс істейтін әріптестері растады.

"Әріптесіміз бүгін таңертең, өзі туған күні дүниеден өтті. Ол 47 жасқа толған еді", - деп жазды журналист Вадим Борейко Facebook әлеуметтік желісіндегі парағына.

Редакция сайтында жарияланған ақпаратта журналистің дерті асқынып бақилық болғаны айтылған.

Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Бендицкийдің қазасына байланысты Facebook-тегі парағына: "Бұл отандық журналистика үшін ауыр қаза" деп жазды.

Геннадий Бендицкий 1990 жылдардан бастап КТК, 31-арна жеке меншік телекомпанияларында, "Караван", "Время" басылымдарында жұмыс істеді. 2013 жылы әріптестерімен бірге ratel.kz интернет-басылымын құрып, өмірінің соңына дейін осы ұжымда еңбек етті.

Ол журналистік зерттеу мақалалары үшін бірнеше жүлденің иегері атанған.

XS
SM
MD
LG