Accessibility links

АҚШ прокуроры ФБР агентін Ресейге қатысты істен шеттетті


Арнайы прокуроры Роберт Мюллер АҚШ конгресіндегі тыңдауда отыр.

АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына Ресейдің ықтимал араласуы туралы істі тергеуге жетешілік ететін арнайы прокурор Роберт Мюллер тергеу тобындағы негізгі қызметкерлердің бірі, АҚШ федералдық тергеу бюросының (ФБР) арнайы агенті Питер Стрзокты тергеуден шеттету туралы шешім қабылдаған. Оған арнайы қызмет өкілінің АҚШ президенті Дональд Трамптың саяси көзқарасына жағымсыз сипатта баға берген SMS хабарламалары себеп болған деп хабарлайды "Америка дауысы" радиосы.

Стрзок ФБР-де қарсы барлау қимыл-әрекеттерімен байланысты істермен айналысатын аса тәжірибелі тергеуші саналады. Ол АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның жеке сервердегі электронды пошта адресін пайдалануына байланысты тергеуге жетекшілік еткен, кейін Мюллердің тергеу тобының құрамына кірген.

Сенбі күні арнайы прокурордың кеңсесі өткен жазда бір әріптесіне SMS арқылы жазған хатының мазмұны мәлім болысымен Стрзокты ФБР-дің кадрлық бөлімінің қарауына ауыстырғаны туралы ақпаратты растаған. Жолдаған хаттарында арнайы агент саяси оқиғалар мен АҚШ президентінің мәлімдемелері жайлы "Трампқа сыни көзқарастағы деп бағалануы ықтимал тұрғыда" пікір білдірген.

АҚШ әділет министрлігі бас инспекторының кеңсесі де 2016 жылғы сайлау компаниясымен байланысты тергеу істерін ФБР-дің қалай жүргізетінін тексеріп жатқанын растаған. Осы тексеру барысында "кейбір тұлғалар арасындағы хат алмасуға қатысты ықтимал айыптау мен ақпарат" зерттеліп жатқаны айтылған.

Сарапшылар пікірінше, арнайы агент Стрзоктың шеттетілуі Роберт Мюллер америкалық сайлауға Ресейдің араласуына қатысты тергеу саяси реңкі бар және біржақты болды деген айыпқа қалмауын ойластырып жатыр.

Арнай агент Питер Стрзокқа қатысты тергеуді АҚШ әділет министрлігі бас инспекторы Майкл Хоровитц жүргізеді. Бұл Хиллари Клинтонның жеке сервердегі электронды пошта адресін пайдаланғаны туралы ақпаратты ФБР-дің қалай тергегенін анықтау үшін әділет министрлігі жүргізетін кеңкөлемді тексерудің бір бөлігі болмақ.

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG