Accessibility links

Абу-Даби АЭС құрылысының "зымыранмен атқыланғанын" терістеді


Сана тұрғындары әуе шабуылынан қираған ғимарат орнында тұр. Йемен, 11 қараша 2017 жыл.
Сана тұрғындары әуе шабуылынан қираған ғимарат орнында тұр. Йемен, 11 қараша 2017 жыл.

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Йемендегі шиит көтерілісшілерінің әмірлікте салынып жатқан атом электр станциясын "зымыранмен атқылағаны" туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Абу-Дабидің ресми терістеуі Йемен астанасы Санада көтерілісшілер мен Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері арасында кескілескен шайқас жүріп жатқан кезде жарияланды. БАӘ Сауд Арабиясы бастаған коалиция құрамына кіреді.

3 желтоқсанда бұдан бұрын Йемендегі көтерілісшіл хуситтер БАӘ астанасы Абу-Дабиге қарай зымыран атқаны туралы хабарлама пайда болған. Хуситтерге жақын "Әл-Масира" телеарнасы 3 желтоқсанда зымыранның БАӘ-де салынып жатқан "Барака" атом электр станциясына атылғанын хабарлаған. БАӘ-нің мемлекеттік телеарнасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Йемендегі хусит көтерілісшілер соңғы бес күнде Санада бұрынғы президент Әли Абдалла Салехтің жақтастарымен бірге соғысып жатыр. Соңғы үш жылда Салехпен одақ құрған хуситтер Сауд Арабиясы бастаған халықаралық коалицияның әуе шабуылдарына қарамастан Сананы бақылауда ұстап тұр.

XS
SM
MD
LG