Accessibility links

ХОК Ресей спортшыларына санкция салуды 5 желтоқсанда қарайды


Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өтетін Қысқы олимпиада ойындарының логотипі (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өтетін Қысқы олимпиада ойындарының логотипі (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Мәскеудегі допинг зертханасының базасынан 2012 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың тамызына дейін алынған мәліметтерді шынайы деп санайды. ARD телеарнасының хабарлауынша, бұл мәліметтерді информатор Григорий Родченков берген.

Жаңа айғақтар 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы олимпиада қарсаңында ресейлік спортшыларға қарсы санкциялар салуға себеп болуы мүмкін. Санкция салу туралы шешім 5 желтоқсанда Лозаннада Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы директоры өткізетін кездесуде қабылданбақ.

Григорий Родченков бұған дейін New York Times басылымына Сочидегі Қысқа олимпиада кезінде тыйым салынған препараттарды қолдану қитұрқылығына Ресей биатлоншылар одағының қазіргі басшысы Александр Кравцов қатысқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG