Accessibility links

Душанбе Кабулдан шекарадағы жағдайды тергеуді талап етті


Тәжік-ауған шекарасын күзетіп тұрған тәжік шекарашылары (Көрнекі сурет).
Тәжік-ауған шекарасын күзетіп тұрған тәжік шекарашылары (Көрнекі сурет).

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ауғанстан билігіне ресми нота жіберіп, 2 желтоқсанда Хатлон облысының Шамсиддини-Шохин (бұрынғы Шуроабад) ауданында болған қарулы қақтығысты жіті тергеуді талап етті.

СІМ мәлімдеуінше, "2017 жылдың 2 желтоқсанында сағат 19:00 шамасында таулы Навободтағы Шамсиддин Шохин ауданында 12 қарулы контрабандашы Ауғанстан азаматтары шекарадан заңсыз өткен. Шекарашылармен атыс болған. Осыдан кейін күдіктілер Ауғанстан жағында бой тасалап қалған".

Тәжікстанның Мемлекеттік қауіпсіздік жөніндегі комитеті қоғаммен байланыс орталығы "аң бұзушылар шекарашылардың қаруды тастау туралы талаптарын тыңдамай, оларға қарсы оқ атқанын" мәлімдеді. Атыстан командир Ахтамов Хайриддин қаза тауып, төрт шекарашы жараланған.

Қақтығыс кезінде үш ауған контрабандашысы оққа ұшқан.

СІМ нотасын ауған билігіне 3 желтоқсанда жіберген.

XS
SM
MD
LG