Accessibility links

Алматы түбінде автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты


Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Алматы облысында 4 желтоқсанда жолаушы автобусы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, кем дегенде 10 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) хабарлауынша, жол апаты дүйсенбі таңертең Ұзынағаш кентіне жақын қалааралық жолда болған. "Жол апаты бүгін таңертең сағат 8-де Алматы-Бішкек жолының 62-километрінде болды. Жол апатынан екі адам қаза тапты. Ұзынағаш кентінің ауруханасына түрлі жарақат алған 10 адам жеткізілді, олардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар" деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Полиция Шымкенттен Алматыға келе жатқан автобус жанына аударылып кеткенін айтады. Апатқа ұшыраған сәтте автобуста 43 адам болған. Алдын ала болжам бойынша, 43 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Жол апаты бойынша жол ережесін немесе көлік құралын жүргізу ережелерін бұзу бабымен тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG