Accessibility links

Мұхамедиұлы: "Аш адам шығармашылық жағынан табысты келеді"


Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аш адамның "шығармашылық тұрғыдан табыстырақ болатынын айтты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Министр бұл туралы Астанада парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында депутат Қуаныш Сұлтановтың сауалына жауабында айтты.

Отырыста Сұлтанов мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы төмен екенін айтып, Мұхамедиұлынан "Олардың жалақысына түбегейлі реформа жасау керек пе?"деп сұраған.

"Расында, жалақы төмен. Аш адам шығармашылық тұрғыдан әлдеқайда табысты келеді деп саналады. Бұған Бетховенді, Моцартты мысалға келтіріп жатады, олар жоқшылықта өмір сүрді, бірақ сондай үздік туындыларды дүниеге келтірді. Бәлкім, қаржыгерлердің айтқаны дұрыс шығар және қаржыландырудың аз болғанына қарамастан біздің талантты азаматтарымыз халықаралық деңгейге шығып жатыр" деді министр.

Дегенмен, министр кітапхана, мұражай және мәдениет үйлері сияқты салалардың қаржылай қолдауға мұқтаж екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG