Accessibility links

Ауғанстанда талибтердің "Қызыл бригадасы" командирінің көзі жойылды


Гильменд уәлаятындағы ауған қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. Ауғанстан, 22 қараша 2017 жыл.
Гильменд уәлаятындағы ауған қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. Ауғанстан, 22 қараша 2017 жыл.

Ауғанстанның барлау қызметі ауған қауіпсіздік күштері "Талибан" қозғалысының "Қызыл бригада" деген атпен белгілі арнайы бөлімінің командирі Мулла Шах Уәлидің көзін жойғанын хабарлады. Ұлттық қауіпсіздік директоратының (NDS) мәлімдеуінше, "Мулла Насер" деген атпен танымал Мулла Шах Уәли бір апта бұрын Ауғанстанның Гильменд уәлаятында болған әуе шабуылында оққа ұшқан. Бұл уәлаят талибтер бекінген аймақ және есірткі саудасының орталығы саналады.

Арнайы қызмет мәліметінше, Мулла Шах Уәли "Қызыл бригаданы" басқарған және үш жыл бұрын Гильменд уәлаяты губернаторының астыртын орынбасары болған әрі талибтердің шабуылымен тікелей байланыстағы адам саналған.

Ауған әскерилерінің мәліметінше, "Қызыл бригадада" соңғы үлгідегі қару-жарақ түрлері, оның ішінде түнде көруге арналған және 82 миллиметрлік снарядпен жабдықталған қарулар, ауыр пулеметтер мен америкалық шабуылдаушы қарулар бар.

Гильмендтің Муса Кала ауданында жүргізілген арнайы операция барысында Мулла Шах Уәлиден өзге талибтердің тағы екі командирі және күдікті жанкештінің көзі жойылған.

XS
SM
MD
LG