Accessibility links

Хуситтер: Йемен экс-президентін "сатқындығы үшін" өлтірдік


Әли Абдалла Салех, Йеменнің бұрынғы президенті.
Әли Абдалла Салех, Йеменнің бұрынғы президенті.

Йемендегі хусит көтерілісшілерінің басшысы Абдул-Малик әл-Хусит өз күштері елдің бұрынғы президенті Әли Абдалла Салехті "сатқындығы үшін" өлтіргенін мәлімдеді.

Телеарнадан сөйлеген әл-Хусит Салехтің өлімін көтерілісшілерге қарсы соғысып жатқан Сауд Арабиясы бастаған коалиция үшін "тарихи жеңіліс" деп атады. Ол сонымен қатар көтерілісшілердің Салех басқарған Жалпыхалықтық конгресс партиясына "ешқандай жаулығы жоғын" айтты.

4 желтоқсанда бірқатар БАҚ Жалпыхалықтық конгресс партиясындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, Әли Абдулла Салехтің қаза тапқанын хабарлаған болатын. Мұнымен қатар әлеуметтік желілерде Салехтің басынан ауыр жарақаты бар мәйітін көрсеткен суреттер мен видеолар жарияланды.

Өткен аптаға дейін Салехтің жақтастары хуситтермен бірге Йеменнің қазіргі президенті Абд-Раббу Мансур Хадидің күштеріне қарсы бір жақта соғысқан еді.

Бірақ Салех 2 желтоқсанда Сауд Арабиясы бастаған коалициясына Йеменге шабуылын тоқтатып, елді блокададан шығаруды және келіссөз жасауды ұсынған. Коалиция мен Мансур Хадидің үкіметі ұсынысты құптаған, бірақ хуситтер Салехті "сатқындық жасап, төңкеріс ұйымдастырмақ болды" деп айыптаған.

75 жастағы Салех Йеменді 30 жылдан астам уақыт басқарып, 2012 жылы жаппай халық толқуларының нәтижесінде биліктен кеткен.

XS
SM
MD
LG