Accessibility links

Өзбекстан шетелдіктерге бірыңғай туристік виза бермек


Өзбекстанның Самарқан қаласында жүрген туристер (Көрнекі сурет).
Өзбекстанның Самарқан қаласында жүрген туристер (Көрнекі сурет).

"Өзбекстан билігі шетелдіктерге бір айға берілетін біріңғай туристік виза енгізді әрі оның бағасын 40 долларға дейін түсірді" деп хабарлайды мемлекеттік комитетке сілтеме жасаған жергілікті БАҚ.

Туристік визаны енгізу шешімі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығына сәйкес қабылданған. Аталған шешім 2018−2019 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасына енгізілген.

Енді шетел азаматтары 30 күнге жарайтын біріңғай туристік виза ала алады. Осыған дейін шетел азаматтарына қысқа мерзімді (7-15 күнге дейін) виза ғана берілетін.

Визаны рәсімдеу құны 60 доллардан 40 долларға дейін түскен.

XS
SM
MD
LG