Accessibility links

Министрлер Каспий мәртебесі туралы конвенция жобасына келісті


Каспий маңы елдерінің сыртқы істер министрлері. Солдан оңға қарай: Эльмар Мамедьяров (Әзербайжан), Джавад Зариф (Иран), Сергей Лавров (Ресей), Қайрат Әбдірахманов (Қазақстан) және Рашид Мередов (Түркіменстан). Мәскеу, 5 желтоқсан 2017 жыл.

"Каспий маңы елдерінің сыртқы істер министрлері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасы бойынша "барлық маңызды мәселелерде" келісімге келді" деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Каспий маңындағы бес ел - Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстанның сыртқы істер министрлері 5 желтоқсанда Мәскеуде кездескен.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар жиында Каспий проблемасына қатысты күн тәртібінде тұрған, оның ішінде Каспий теңізінің табаны мен қойнауын бөлу, территориялық және ішкі суларда жүзу режимі, теңіз табаны арқылы құбыр тартумен байланысты бірнеше мәселені қарастырған. Конвенция жобасына келесі жылы Астанада өтетін бес ел мемлекет басшыларының саммитінде қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция бойынша келісімге келу Астана үшін басым бағыт саналады. "Конвенцияның Каспий маңы елдерінің теңізде ынтымақтастық орнатуына жаңаша серпін беретініне және аймақ тұрақтылығына, қауіпсіздігі мен көркеюіне кепіл болатынына сенімдімін" деді Әбдірахманов.

Министрлік ковенция жобасында тараптардың Каспий теңізіндегі іс-қимылының негізгі принциптері, теңіз акваториясын бөлу, мемлекеттердің теңіз түбіндегі секторы, әскери ынтымақтастық пен шаруашылық-экономикалық қызмет жүргізу мәселелері қамтылғанын айтады. Құжатта сонымен қатар теңіздің биологиялық ресурсын, табаны мен қойнауын игеру, кеме қатынасы, қоршаған ортаны қорғау, теңізде ғылыми зерттеу жүргізу және басқа да мәселелерді реттеу жайы қарастырылған.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG