Accessibility links

Украина прокуратурасы Саакашвилиге іздеу жариялады


Михаил Саакашвилидің жақтастары күш құрылымдарының қолынан босатып алған сәті. Киев, 5 желтоқсан 2017 жыл.
Михаил Саакашвилидің жақтастары күш құрылымдарының қолынан босатып алған сәті. Киев, 5 желтоқсан 2017 жыл.

Украина бас прокуратурасы Грузияның бұрынғы президенті, жақтастары күш құрылымдарының қолынан босатып алған Михаил Саакашвилиге іздеу жариялады. Азаттықтың Украин редакциясының хабарлауынша, Украина қауіпсіздік қызметі Саакашвилиді 6 желтоқсан күні таңертең тергеуге шақырды.

Бас прокуратураның өкілі Андрей Лысенко 5 желтоқсанда Facebook-те прокуратураның Ұлттық полиция басшысы Сергей Князевті билік Саакашвилиге "ұйымдасқан қылмыстық топпен" байланысы туралы айып тағып, іздеу жариялағанынан хабардар еткенін жазды.

Бұл ақпарат Киевте Саакашвилидің жақтастары оны арнайы жасақ тұтқындап, күшпен отырғызған микроавтобустан көліктің дөңгелегін жарып, терезесін шағып, шығарып алған соң тарады. Мұның алдында арнайы жасақ сарбаздары Саакашвилидің пәтерін тінтіп, үйдің шатырына шығып алған саясаткердің өзін күшпен ұстаған болатын. Саакашвили "азат етілген соң" жүздеген адам парламент алдына марш жасап барды. Олар президент Петр Порошенконы "сатқын және қылмыскер" деп атап, оған импичмент жариялауға шақырды.

ОҚЫҢЫЗ: "Азат болған" Cаакашвили елді майданға шақырды

Украина бас прокуроры Юрий Луценко брифингте Саакашвили ұйымдастырған қарсылық акцияларын 2014 жылы биліктен тайдырылып, Ресейге қашып кеткен президент Виктор Янукович бастаған "ұйымдасқан қылмыстық топ" қаржыландырғанын мәлімдеді. Ол кейін Саакашвилиге егер 24 сағат ішінде тергеу органларына өз еркімен бармаса, онда "құқық қорғау жүйесі оны қамауға алудың барлық қажетті шараны жасайтыны" туралы ультиматум қойды.

Прокуратура сонымен қатар Саакашвилидің тұтқындалуына кедергі жасаған сегіз депутатқа қарсы іс қозғады, ал полиция Саакашвили отырғызылған қауіпсіздік қызметінің көлігінің жолын бөгеген тоғыз адамды ұстады.

XS
SM
MD
LG