Accessibility links

Алматыда журналист Бендицкиймен қоштасты


Минскіде ауыр кеселден қайтыс болған журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасу рәсімі. Алматы, 6 желтоқсан 2017 жыл.
Минскіде ауыр кеселден қайтыс болған журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасу рәсімі. Алматы, 6 желтоқсан 2017 жыл.

Алматыда сәрсенбіде жұртшылық журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасты. Марқұммен қоштасу "Ғылым ордасы" ғимаратында өтті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қоштасу рәсіміне марқұмның туыстарынан өзге әріптестері, қоғам белсенділері, депутаттар жиналды.

Қоштасуда журналистің көзін көргендер ол туралы естеліктерін, одан көрген жақсылықтарын айтысты. Марқұмның әріптесі, ratel.kz интернет-басылымының редакторы Марат Асипов "Геннадиймен кездескен адамдардың өмірі жақсы жаққа өзгеретінін, себебі адамдар одан қорған іздейтінін" айтты.

Саясаттанушы Айдос Сарым "Қазақстанда зерттеу журналистикасы онсыз да ақсап тұрған шақта осы жанр майталманынан айырылу үлкен қайғы" деді.

Геннадий Бендицкийдің 3 желтоқсан күні Минск қаласындағы 9-ауруханада ұзаққа созылған дерт салдарынан дүние салған. Әріптестері Бендицкийдің тура 47 жасқа толған күні қайтыс болғанын хабарлаған.

Журналист соңғы бірнеше жыл ratel.kz интернет-басылымында жұмыс істеген. Ол журналистік зерттеу мақалаларымен танымал болатын.

XS
SM
MD
LG