Accessibility links

Назарбаев телебайланыс арқылы бірнеше жобаны "іске қосты"


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "жалпыхалықтық телебайланыста" отыр. Астана, 6 желтоқсан 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "жалпыхалықтық телебайланыста" отыр. Астана, 6 желтоқсан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде Астанада дәстүрлі телебайланыс кезінде мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасына кіретін оннан астам жобаны іске қосты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, телетрансляцияны 25 мобильді телевизия станциясы, KazSat спутник байланысы мен ұлттық байланыс операторы қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің хабарлауынша, телебайланыс арқылы Маңғыстау облысындағы халықаралық Астрахан - Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасы транзиттік дәлізіне кіретін Ақтау - Шетпе жолының жаңа бөлігі ашылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысында Құрық портының көлік паромымын терминалы да іске қосылды.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Еуразия тобы" компаниясының Қостанай облысының Қашар кенішіндегі "ақылды карьер" жобасы, "Қазмырыш" компаниясының Шығыс Қазақстан облысының Малеевский кенішіндегі Pitram жүйесі де қосылды. Ақмола облысындағы алтын байыту фабрикасы да "онлайн режимінде" жұмыс бастады.

Телебайланыс кезінде Назарбаев Қарағанды облысында көлікті утилизация жасайтын зауыттың ашылғанын құптаған. "Қазақстанда мұндай зауыт бірінші рет ашылып отыр. Қазір елімізде бес миллионға тарта көлік жүр. Олар да тозады. Олар қоршаған ортаны ластайды" деді Назарбаев.

Қазақстанда телебайланыс арқылы жаңа кәсіпорындар ашу соңғы жылдары жиілей түскен. Биыл тамызда Назарбаев Астанада Hilton қонақүйінде отырып телекөпір арқылы Өскемендегі әлсіз байытылған уран банкінің ғимаратын ашқан.

Қазақстанда индустриалдық-инновациялық бағдарламалар аясында ашылған ондаған зауыт пен кәсіпорын бірер жылдан соң еш өнім шығармаған күйі жабылып қалған.

ОҚЫҢЫЗ: Назарбаев ашып, қайта жабылған жобалар

XS
SM
MD
LG