Accessibility links

Ресей Қазақстан мен Қырғызстанның көкөнісін кіргізбеді


Ресейдің шекарадағы кеден бекеті (Көрнекі сурет).
Ресейдің шекарадағы кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Ресей билігінің хабарлауынша, желтоқсанның басынан бері Новосибирск облысына Қазақстан мен Қырғызстаннан барған ондаған тонна карантиндік жеміс-жидекті кіргізілмеді.

Ресей ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің Новосибирск облысы бойынша басқармасының ақпаратына қарағанда, 76 тонна өнім "Карасук" бақылау пунктінен өткізілмеген. Қырғызстаннан жөнелтілген құрма, алма мен қауын және қазақстандық пияз салынған қаптарға арнайы белгі соғылмаған. Бұған қоса өрік-мейіз, қызыл күріш, жаңғақ өнімдеріне фитотазалық куәлігі берілмеген. Бұл өнімдер кері қайтарылған.

Бұған қоса Қазақстаннан жөнелтілген 36 килограмм алмұрт фитосанитарлық құжаты болмағандықтан жойылған.

XS
SM
MD
LG