Accessibility links

Трамп Эр-Риядты Йеменге гуманитарлық көмек кіргізуге шақырды


Йемен астанасы Санадағы әуе шабуылынан қираған орында жүрген тұрғындар. 5 қараша 2017 жыл.
Йемен астанасы Санадағы әуе шабуылынан қираған орында жүрген тұрғындар. 5 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясын Йеменге гуманитарлық көмек жеткізуге "жедел" мүмкіндік беруге шақырды. "Гуманитарлық себептерге байланысты бұны дереу жасау керек" деді президент.

Йемен үкіметін қолдайтын Сауд Арабиясы бастаған коалиция бұған дейін ираншыл көтерілісші хуситтермен күресі аясында Йеменге блокада енгізген.

5 желтоқсанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі "Йемендегі гуманитарлық жағдай шиеленісіп, ел аштық шегінде тұрғанын" мәлімдеген. БҰҰ бұған негізінен блокада себеп екенін айтқан.

Oxfam халықаралық кедейшілікпен күрес ұйымы Трамптың Эр-Риядқа жасаған үндеуін қолдады. АҚШ Сауд Арабиясы бастаған коалицияға қару-жарақ жеткізеді.

"Егер Трамптың өтініші орындалмаса, онда миллиондаған адам аштықтан және Йемендегі денсаулық сақтау жүйесінің дағдарысынан қырылады" деп мәлімдеді Oxfam өкілі Скотт Пол.

Йеменде үш жылға созылған азамат соғысынан 10 мыңнан астам адам бейбіт тұрғын қаза тапты, үш миллионға жуық адам босып кетуге мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG