Accessibility links

Көкпар Қырғызстан атынан ЮНЕСКО тізіміне енгізілді


Көкпар тартып жүрген ойыншылар.
Көкпар тартып жүрген ойыншылар.

Көшпенді халықтар арасында кең тараған ұлттық ойын түрі - көкпар ЮНЕСКО қорғауындағы материалдық емес мұралары тізіміне енгізілді. Ұйымның хабарлауынша, көкпарды бұл тізімге Қырғызстан ұсынған.

Қырғызстанның жастар ісі, дене шынықтыру және спорт агенттігінің Азаттыққа айтуынша, көкпарды (қырғыздарда - кок-бору) ЮНЕСКО тізіміне қосу туралы шешім Оңтүстік Кореяда өткен материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында қабылданған. Агенттік көкпардың ЮНЕСКО тізіміне енгізілгенін "көп жылдық жұмыстың, оның ішінде дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізудің жемісі" екенін айтады.

Қырғызстан көкпарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу туралы ұсынысты 2016 жылдың 31 наурызында ұсынған.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан ұсынған айтыс (қырғыз тілінде айтыш) ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне алынды.

ВИДЕО: Қырғызстандағы көкпар сайысы (10.09.2016)

Қырғызстандағы көкпар сайысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

XS
SM
MD
LG