Accessibility links

Қырғызстанда бітпеген жолға Атамбаевтың атын беруді ұсынды


Қырғызстанда салынып жатқан жол (Көрнекі сурет).
Қырғызстанда салынып жатқан жол (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламентінде "Бир бол" фракциясының депутаты Кубанычбек Жумалиев елдің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын қосымша жолға экс-президент Алмазбек Атамбаевтың атын беруді ұсынды. Кейбір депутаттар бұл ұсынысты қолдаса, кейбірі оған "жағымпаздану" деп қарсы шықты. Атамбаев тұсында басталған бұл жол әлі салынып бітпеген.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Жумалиев ұсынысын транспорт, коммуникация, сәулет және құрылыс комитетінің жиынында айтты. Оның ұсынысына транспорт, коммуникация, сәулет және құрылыс комитетінің мүшесі мүшесі, "Кыргызстан" фракциясының депутаты Алмазбек Эргешов қолдау білдірді.

"Кусейн Көлбаев атындағы туннель", "Абды Сүйөркулов атындағы жол" деп адам атын беріп жатамыз. Оңтүстік-Солтүстік жолы Алмазбек Атамбаев президент болып тұрған кездегі ең ірі жоба болды. Жобаны өзі ұсынып, өзі салдырды. Оның атын беруге қарсы емеспін" деді Эргешов.

Бірақ осы комитет төрағасының орынбасары, "Өнүгүү-Прогресс" фракциясының депутаты Алтынбек Жунус уулу әлі салынып бітпеген жолға ат қою ұсынысын сынға алды. Ол адам еңбегін бағалауға қарсы емесін, бірақ жолдың әлі салынып бітпегенін айтты. "Алмазбек Атамбаевтың атқарған еңбегі бағаланып, Қырғызстанның ең жоғарғы "Ак шумкар" атағы берілді. Мен бұны қолдадым. Бірақ жолға атын беруді артық нәрсе деп ойлаймын және бұл ұсыныс жалпы комитеттің пікірін білдірмейді" деді Алтынбек Жунус уулу.

XS
SM
MD
LG