Accessibility links

Азаттық тілшісі "адам құқығы мәселесін БАҚ-та көтергені үшін" марапатталды


Азаттық тілшісі Светлана Глушкованы PRI Human Rights Award жүлдесімен марапаттау сәті. Астана, 7 желтоқсан 2017 жыл.
Азаттық тілшісі Светлана Глушкованы PRI Human Rights Award жүлдесімен марапаттау сәті. Астана, 7 желтоқсан 2017 жыл.

Азаттықтың Астанадағы тілшісі Светлана Глушкова PRI Human Rights Award (Халықаралық түрме реформасы ұйымының марапаты) жүлдесімен марапатталды. Жүлде Азаттық тілшісіне "Адам құқығы мәселелерін БАҚ-та көтеріп, хабарлап отырғаны үшін" берілді. Марапаттау рәсімі Астанада халықаралық адам құқығы күнін атап өту қарсаңында берілді.

"Халықаралық түрме реформасы" ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Азамат Шамбиловтің айтуынша, Қазақстанда адам құқығы мәселесін көтеріп, оны қорғауға ерекше үлес қосқаны үшін жүлде бірінші рет тағайындалып отыр.

Ұйым өкілдері конкурс жеңімпаздары БАҚ-тағы материалдарға мониторинг жасау арқылы анықталғанын айтады.

- Әрбір номинант адамның басты құқықтары мен еркіндігін қорғау саласына ерекше үлес қосқан. Адам құқығын қорғаушы болу - қазіргі кезде оңай міндет емес. Ол батылдықты, ерлікті талап етеді және осы іске адал болып, өзіңді соған толық арнауың керек. Бірақ балалар, журналистер мен түрлі сала қызметкерлерінің және қарапайым адамдардың құқығын қорғап жүргендердің жұмысы елдің дамуы мен әр азаматтың өмірі үшін өте маңызды, - Азамат Шамбилов.

"Азаматтық қоғамның дамуы мен адам құқығын қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін" номинациясында қазақстандық құқық қорғаушылар Анар Ибраева мен Роза Ақылбекова марапатталды. PRI "Мемлекеттің азаматтық қоғаммен адам құқығы мәселесін көтеру мақсатында өзара іс-қимылын нығайтқаны үшін" Қазақстанның әділет вице-министрі Эльвира Әзімова мен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жүлдемен марапатталды.

XS
SM
MD
LG