Accessibility links

"Астана" бірінші рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты


"Астана" футбол командасының ойыншылары.
"Астана" футбол командасының ойыншылары.

"Астана" футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің алтыншы әрі соңғы матчында Чехияның "Славия" командасын жеңіп, бірінші рет плей-офф кезеңіне шықты. 7 желтоқсан күні түнге қарай Прагада өткен матчта "Астана" "Славияны" 1:0 есебімен жеңді.

Бірінші таймның 38-минутында "Астананың" босниялық қорғаушысы Марин Аничич қарсыластар қақпасына гол салды. Италиялық төреші Давиде Масса голды бірдее емес, көмекшілерімен кеңескеннен кейін ғана есепке алды.

"Астананың" 1/16 финалдағы қарсыласы 11 желтоқсанда Ньонда (Швейцария) жеребе тартуда анықталады.

XS
SM
MD
LG