Accessibility links

Израильде Иерусалимге қатысты қақтығыстарда 30 адам жараланды


Вифлеемдегі палестиналықтардың Израиль полициясымен қақтығысы. Израиль, 7 желтоқсан 2017 жыл.
Вифлеемдегі палестиналықтардың Израиль полициясымен қақтығысы. Израиль, 7 желтоқсан 2017 жыл.

АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы деп танығаннан кейін палестиналықтар жаппай наразылық акцияларын бастады. Демонстарция Иерусалимнен өзге Хеврон, Вифлеем және Иордан өзеніндегі Батыс жағалауында да өтіп жатыр. Израиль полициясы бұл аймақтарға қосымша әскерін жіберді.

Палестиналықтар Израиль полициясына қарсы тас лақтырып, полиция оларға көзден жас ағызатын газ, резінке оқтар қолданып жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, тәртіпсіздік кезінде 30-дан астам адам жараланды.

Палестиналықтар бейсенбі күні наразылық акциясын жариялады. Көптеген мектептер мен дүкендер жабылды. ХАМАС радикалды тобының лидері Исмаил Хания Палестина халқын жаппай көтеріліске шақырды. Ол жұма күнін "басып алуға қарсы көтеріліс күні" деп жариялады.

6 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп ресми түрде жариялап, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіруді бұйырған. Трамп шешімін араб елдері сынға алды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Иерусалимге қатысты ұстанымын жұма күні талқылайды. Трамп болса, өзінің шешімін "шындықты айту" деді.

1995 жылы АҚШ Конгресі Израильдегі Америка елшілігін Иерусалимге көшіру туралы заң қабылдаған. Бірақ қаланың мәртебесіне байланысты жанжалдан кейін дипмиссия Тель-Авивте қалған. Таяу уақытқа дейін Вашингтон 1948 жылы британ мандатының аяқталуынан кейін Иерусалим ешбір елге қарамайды. Оның мәртебесі тек бейбіт келісімнен кейін шешіледі деп келген.

XS
SM
MD
LG