Accessibility links

Қырғызстан Қазақстан көміріне тәуелділіктен құтылғысы келеді


Бішкекте көмір қаптап жатқан тұрғындар (Көрнекі сурет)

"Қырғызстанды отандық көмірмен қамтамасыз ету - қазіргі таңдағы басты мақсат" деп мәлімдеді Қырғызстанның жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитетінің басшысы Улан Рыскулов. Бұл жайында ол "Кыргызкомур" кәсіпорынының жұмысшыларымен кездесуінде айтты. Оның сөзінше, Қазақстанмен шекарадағы жағдайға байланысты екі ай бойы көрші елден көмір келмеген уақытта "Қазақстан көмірінсіз өмір сүруге болатыны белгілі болған".

"Көмір тапшылығы сезілмеді, бірақ делдалдар бағаны өсіріп жіберді" деді ол.

Рыскуловтың айтуынша, Қырғызстанға жылына 1,8 миллион тонна көмір қажет. Үкімет отандық көмір өндіруді жылына 1,5 миллион тоннаға жеткізуді міндеттеді.

Қырғызстанда қазақстандық көмірдің бір тоннасы 30 доллар, ал жергілікті көмірдің тоннасы 50 доллар тұрады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG