Accessibility links

Telegram ФСБ бұйрығына қарсы сотқа шағымданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Telegram мессенджерінің басшылығы Ресей Жоғарғы сотына Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) мессенджерден қолданушылар хаттарын қайта кодтауды талап еткен бұйрығын жарамсыз деп тануды сұрап шағым түсірді. Бұл туралы "Агора" халықаралық ұйымының адвокаты Рамиль Ахматгалиев хабарлады.

16 қазанда Мәскеу соты Telegram-ға ФСБ-мен жұмыс істесуден бас тартқаны үшін 800 мың рубль айыппұл салған. Егер сот шешімі орындалса, онда ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын Роскомнадзор мекемесі Ресейде Telegram-ды бұғаттау құқығына ие болады. Соттың бұл шешіміне берілген апелляциялық шағым қазір Мәскеудің Мещан аудандық сотында. Tenegram заңгерлері бұл мәселені зерттеген кезінде ФСБ бұйрығында үлкен кемшілік барын анықтаған.

""Агора" өкілдері "ФСБ-ның мұндай бұйрық беретіндей құзыреті жоқ, себебі ол заңның азаматтар хат-хабарын оқу үшін сот шешімі қажет деген нормасына қайшы келеді" дейді. Бұдан өзге, мұндай бұйрықты үкімет қана шығаруға құзыретті.

Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров бұған дейін ФСБ-мен соттасатынын мәлімдеген. Дуров арнайы қызметтің талабы Ресей Конституциясының "әр азаматтың жазысқан хаттарын құпия ұстауына құқығы бар" деген ережесіне қайшы келетінін айтады.

XS
SM
MD
LG