Accessibility links

Киевте Михаил Саакашвилиді ұстады


Полиция қызметкерлері Михаил Саакашвилидің жақтастарының жолын бөгеп тұр. Киев, 9 желтоқсан 2017 жыл.

Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы, оппозициялық "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвилиді желтоқсанның 8-і күні Киевте уақытша ұстау абақтысына қамалғаннан кейін аштық жариялаған. Бұл туралы журналистерге Саакашвилидің адвокаты Руслан Чернолуцкий хабарлады. Адвокаттың сөзінше, Саакашвили бостандықтағы жақтастарын жексенбіге белгіленген Украина президентіне импичмент жариялау туралы қарсылық акциясына шығуға шақырған.

Михаил Саакашвилиді желтоқсанның 8-і күні Киевте құқық қызметкерлері ұстады. Украина бас прокуроры Юрий Луценконың айтуынша,құқық органдары уақытша ұстау изоляторына қамалған Саакашвилиге қатысты тергеу амалдарын бастап, соттан оны тұтқындауды сұрамақшы.

Бұған дейін Украина ұлттық полициясының басшысы Сергей Князев "заң процедураларына байланысты" күш құрылымдары әзірше Саакашвилиді ұстау жоспарланып отырмағаны туралы мәлімдеген болатын. Бірақ ол қандай "заң процедуралары" екені туралы ашып айтпаған.

Украина қауіпсіздік қызметі бұған дейін желтоқсанның 5-і күні Михаил Саакашвилиді Киевтегі пәтерінен ұстап, тергеу органына жеткізбекші болған еді. Бірақ сол жолы оппозициялық саясаткерді жақтастары босатып алғаннан кейін құқық органдары Саакашвилиге іздеу жариялаған.

Оқи отырыңыз: "Азат болған" Cаакашвили елді майданға шақырды

Желтоқсанның 5-і күні Украина бас прокуроры Юрий Луценко Михаил Саакашвили 2014 жылы биліктен тайдырылып, Ресейге қашып кеткен "Украинаның экс-президенті Виктор Януковичке жақын бизнесмен Сергей Курченкодан ақша алған" деп мәлімдеген.

Саакашвили өзіне тағылған айыптарды "жалған" деп атаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG