Accessibility links

Назарбаев пен Ердоған телефонмен сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Түркия президенті Режеп Ердоған. Астана, 16 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Түркия президенті Режеп Ердоған. Астана, 16 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Ердоған телефонмен сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық өзекті мәселелерді талқылаған. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Тараптар Түркияның бастамасымен биылғы 13 желтоқсанда Стамбулда өткізу жоспарланып отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс саммиті жөнінде пікір алмасты" делінген ресми ақпаратта.

Сонымен бірге Қазақстан мен Түркия басшылары екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылаған.

Телефон әңгімесі Түркия тарабының бастамасы бойынша өтті деп хабарлайды Қазақстан тарабы.

XS
SM
MD
LG