Accessibility links

Ставропольдегі операцияда үш күдіктінің өлгені жайлы хабарланды


Ставрополь қаласы картада. (Көрнекі сурет.)

Сенбіге қараған түні Ресейдің Ставрополь қаласында қауіпсіздік күштері "теракт жасамақ болған" деген күдікке ілінген топқа қарсы арнайы операция жүргізген. "Интерфакс" агенттігі аймақтағы күш құрылымындағы дерек көзіне сілтеме жасап, күдікті үшеудің қаза тапқаны туралы хабарлады.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) аймақтық басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта "адам көп жүретін жерде теракт жасауды жоспарлаған топ бекінген үй қоршауға алынып, террорға қарсы арнайы операция барысында үш қарулының залалсыздандырылғаны" айтылған.

ТАСС агенттігі операция кезінде күдікті үшеудің "көзі жойылған" деп хабарлады.

Арнайы операция сенбі күні таңғы сағат 4:30-ға дейін созылған. Қалада жедел-іздестіру және тергеу шаралары одан кейін де жалғасқаны туралы хабарланды.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG