Accessibility links

ИМ тобына қосылған шешен әншісі Aza Иракта қаза тапқан


Шешен әншісі Аза Батаева (Aza). (YouTube сайтындағы видеодан скриншот.)
Шешен әншісі Аза Батаева (Aza). (YouTube сайтындағы видеодан скриншот.)

Шешенстанға танымал эстрада әншісі, кейінгі жылдары "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына барып қосылған Аза Батаева Ирактың Мосул қаласында қыркүйекте қаза тапқаны енді мәлім болды деп хабарлады Азаттықтың "Кавказ.Реалии" сайты. Туыстарының айтуынша, Аза Батаевамен бірге оның күйеуі және әншіні үйіне қайтару мақсатымен Таяу Шығысқа барған сіңлісі де қаза тапқан.

Аза Батаева осыдан екі жылдай бұрын Таяу Шығыстағы қарулы жанжал аймағына кеткен. Әуелгіде күйеуі екеуі Түркияға барған, кейін олар "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы бақылауындағы жерге өткен.

Экстремистік топ қатарында жүргенде Аза Батаева YouTube сайтында пропагандалық роликтер жариялаған. Олардың бірінде әнші мұсылман әйелі қандай киім киюі керектігі жайлы әңгімеледй. Сонымен бірге видеода оның Ресей паспортын жыртып, Мосулда әскери көлікпен жүргені көрсетілген.

1983 жылы дүниеге келген Аза Батаева Мәскеуде Юрий Николаевтың өнер мектебін тәмамдаған. Сахнада шешен, орыс тілдерінде ән салған ол өнерсүйер қауымға Aza есімімен танылған болатын.

XS
SM
MD
LG