Accessibility links

Германияда шағын ауылды 140 мың еуроға сатты


Берлиннен Бранденбург аймағына баратын жолдағы көпір. (Көрнекі сурет.)
Берлиннен Бранденбург аймағына баратын жолдағы көпір. (Көрнекі сурет.)

Германияның Бранденбург аймағында орналасқан Алвин деп аталатын шағын ауыл аукцион арқылы 140 мың еуро (164 мың долларда көп) ақшаға сатылды. Берлиндегі Кархаузен аукцион үйінің хабарлауынша, жиырма шақты тұрғыны бар Алвин ауылын бәсекеге саудаға телефон арқылы қатысқан бір адам сатып алған. Оның аты-жөні айтылмайды.

Шығыс Германиядағы бұл шағын елді мекен Берлиннен оңтүстікке қарай 100 шақырым жердегі Ибигау-Варенбрюк қаласының құрамына кіреді. Ауылда дүкен де, қаламен арада автобус қатынасы да жоқ. Аумағы 16 мың шаршы метр бұл ауылда тоғыз тұрғын үй ғимараты, бірнеше басқа құрылыс нысаны және 10 шаруашылық қора-жайы мен гараждар бар.

2001 жылы Алвин ауылын ағайынды екі адам бір маркаға сатып алған. Кейін ағайындылардың бірі қайтыс болған. Екі Германия қайта қосылғанған дейін бұл ауыл жақын маңында орналасқан көмір өңдейтін зауытқа қараған. Ол зауыт 1991 жылы жабылып қалған.

XS
SM
MD
LG